КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Серік Қайырлиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

 

Комиссия отырысында жазғы маусым уақытында жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары, су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қаупінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар қолға алынып, рейдтер ұйымдастыру, аудан бойынша қолайсыз отбасылар тізіміндегі жанұялармен және жасы кәмелетке толмаған балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жалпы қауіпсіздік мәселелері қаралды. Күн тәртібіне сәйкес жауапты бөлім, мекеме басшылары баяндама жасап, ұсыныстарын жеткізді.

 

Комиссия төрағасы күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, қаралған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмысты жандандыра түсуді, істің жүйелілігін сақтауды тапсырды.

 

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/980611?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді