
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Антиконтрафакт» Репсубликалық акциясы негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Полиция департаментінің және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен «Контрафактілік өнімдермен күрес» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстелдің» мақсаты зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында хабардарлықты арттыру және контрафактілік тауарлардың алдын алу мақсатында құқыққорғау органдарымен Бірлескен Бұйрық негізінде жұмысты күшейту болып табылады.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес контрафактілік өнімдермен күрес бойынша қадамдарды жүзеге асыру бойынша пікір алмасты. Контрафактілік тауарлардың пайда болу көздерін анықтаудың тиімді және бастапқы әдістері талқыланды.
Қорытындылай келе, қатысушылар осы бағытта өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ тараптармен Шығыс Қазақстан облысы аумағында контрафактілік тауарларды болдырмау мақсатындағы Бірлескен Бұйрық негізінде жұмыстарды атқару жоспарланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/981937?lang=kk
Жауап қалдыру