
Қостанай қаласында Ұлы Отан соғысының батырларының портреттері пайда болды. Енді майдангерлер Қазақстан тұрғындарына аялдамалардан, билбордтардан және автобустардан қарап тұр.
Фотосуреттерде майданда танымал болған қазақстандықтар мен Қостанайдың тумалары бейнеленген. Портреттердің жанында QR-код орнатылған. Оны сканерлеу арқылы соғыс батырларының толық тізімін және олардың өмірбаяны мен майдандағы жолын толығырақ білуге болады.
Олжас Дүйсеков
Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы
«Бұл – қазақстандық батырлар Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бегельдинов, сондай-ақ қостанайлық батырлар – екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған Леонид Беда, Иван Павлов, Сұлтан Баймағамбетов, Илья Сьянов және Сейтхан Темірбаев».
Кеңес Одағының Батыры атағын алған 31 қостанайлық бар. Олардың екеуі екі рет атаққа ие болған. Сонымен қатар, тоғыз майдангер толық Славя Орденінің кавалері атанған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/980885?lang=kk
Жауап қалдыру