
Бүгін Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева және Департаменттің бас маманы Маржан Жақсалыққызы Серікбаева «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Петропавл қаласында «Орман» шағын ауданында салынған №28 мектебінде болды. Мектептің жобалық қуаты 600 орынды құрайды.
Бүгінгі күні мектеп әкімшілігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы лицензия алу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Оқу процесін ұйымдастыру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқу зертханалары, компьютерлік сыныптары, STEM-зертханалары, робототехника, физика, химия, биология кабинеттері көзделген.
Мектепте бастауыш сыныптарға арналған жеке блок жасалған, 2 спорт зал, кең асхана, жеке шкафтар орналасқан.
Еңбекке баулуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін тиісті жабдықтары бар әмбебап шеберханалар көзделген.
Оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу үшін акт залы, сондай-ақ кітап қоймасы мен оқу залы, медиатека, электрондық кітапхана, оқуға және демалуға арналған коворкинг аймағы бар кітапхана орналасқан.
Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасалған. Жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер бөлінген, сондай-ақ мектепте лифт, пандустар, арнайы көрсеткіштер, психолог, логопед, дефектолог кабинеттері, сенсорлық бөлме орнатылынған.
Мектеп аумағында волейбол, баскетбол, футбол, хоккей және басқа да спорт түрлеріне арналған спорт алаңдары бар.
Мектеп заманауи бейнебақылау және қол жеткізуді бақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Мектептің барлық үй-жайлары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді оқу процесін ұйымдастыру үшін білім алушылар мен педагогтардың оқу-тәрбие қажеттіліктеріне жауап беретін эргономика талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы жабдықталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/981189?lang=kk
Жауап қалдыру