Мәслихат төрағасы Қоағамдық кеңес отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Арыстанов Марат Қанатұлының төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық Кеңес отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, Қоғамдық Кеңес мүшелері, мекеме басшылары, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралып, талқыланды:
1.« 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы есебі»
Хабарламашы: Аудан әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы
2. «Ойыл аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылға атқарылған жұмыстары туралы есебі»
Хабарламашы: Аудандық мәслихат төрағасы Займолдин Сәкен Ғазизұлы
3. «Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы»
Хабарламашы: Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Құбаев Ғарифолла Антонович
Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, талқыланған мәселелердің шешімін табу мақсатында аудандық Қоғамдық кеңес тарапынан ұсынымдар жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/980575?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді