
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйлеп, игі бастамаға белсенді атсалысқан азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Аслан Жангелдиев те бар. Ол Президенттің алғыс хатына ие болды.
Аслан Жангелдиев бұл марапат барша жаңаөзендік жастардың ортақ еңбегінің нәтижесі екендігін атап өтті.
– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге жастармен бірге қатысып, еріктілік қызметін атқардым. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы «Jasyl el» еңбек жасағының жұмысын үйлестіруге атсалыстым. Сондықтан бұл марапат – тек менің емес, менімен бірге еңбек етіп жүрген еріктілердің, әріптестерім мен жастардың ортақ жетістігі. Біз ел жастарының болашағы үшін аянбай еңбек ете береміз. Қазақстанның жарқын келешегі – жастардың қолында, – деді Аслан Жангелдиев.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/980951?lang=kk
Жауап қалдыру