Мектеп-лицей оқушыларына дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Семей қаласының білім бөлімінің көмегімен Семей қаласының №7 мектеп-лицейінде дәріс өткізді, оған 80-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген және туғаннан бастап әрқайсысына тиесілі негізгі 40 іргелі адам құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллалар жеткізілді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттің құқық қорғау жұмысының едәуір күшейтілгені туралы хабарланды, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі міндеттері мен оң мысалдар келтірілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесудің тиімді құралы болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/982724?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді