МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ: ЖАМБЫЛДЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ РЕСПУБЛИКАҒА ТАРАТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тараз қаласында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық дамытушы ойындармен ойыншықтардың рөлі» тақырыбындағы басқосу мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтар мен заманауи тәсілдерді ұштастыруды мақсат етті.
 
Конференция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының директоры Ерманова Мария Наятовна, Мектепке дейінгі білім беру департаментінің бас сарапшысы Барон Лада Анатольевна, білім басқармасының басшысы Нұрбек Әбубекұлы Оршыбеков, еліміздің түкпір-түкпірінен келген ЖОО ғалымдары, педагогтер мен сала мамандары қатысты. Жалпы саны 350-ге жуық маман тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелермен танысты.
 
Шара аясында қатысушылар Тараз қаласы мен Жамбыл ауданындағы балабақшалар жұмысын көріп, 9 тәжірибелік алаңда оқытудағы озық тәсілдерді саралады. «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде ұйымдастырылған пікірталастарда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары мен тиімді технологиялар кеңінен талқыланды.
 
Айта кетейік, Жамбыл облысының мектепке дейінгі білім беру саласында 220 ұлттық дамытушы ойыншыққа авторлық құқық берілген. Сонымен қатар, 19 педагог түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, 2 педагог республикалық «Үздік педагог» және «Жыл әдіскері» аталымдары бойынша марапатталды.
 
Сондай-ақ, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету үшін YouTube платформасында «Балақайлар мекені» және «Бақытты отбасы» арналар ашылып, жаңашыл тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік жасалды.
Бұл конференция – ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, мектепке дейінгі білім беруді жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/981004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді