МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР-МАҢЫЗДЫ МЕЖЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі ұйым басшыларын бір ортаға жинап, маңызды семинар өткізді.

Жиын барысында алдағы аттестаттау кезеңіне дайындық барысы жан-жақты талқыланып, меңгерушілерге әдістемелік қолдау көрсетілді.

Қаладағы 71 мектепке дейінгі ұйымның басшысы қатысқан семинарда мекемелердің жұмысын жүйелі ұйымдастыру, заңнама талаптарына сай құжаттарды дұрыс рәсімдеу және өзін-өзі бағалау үдерісін тиімді жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Гүлназ Төрәліқызы әр басшыға бағыт-бағдар көрсетіп, маңызды кеңестер ұсынды.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдар үшін лицензия алу мәселесі де талқыланды. Бұл мәселе де семинарда кеңінен қаралып, оның талаптары мен маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинар аясында ваучерлік қаржыландыруды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылуы да күн тәртібіне шықты. Аталған жобаның басты мақсаты — мектепке дейінгі ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттырып, олардың қызметін қолдаудың тиімді жолдарын қалыптастыру.

Осылайша, Шымкенттегі мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары білім беру саласындағы жаңа талаптарға сай жұмыс жүргізуге дайын екенін көрсетті. Алдағы мемлекеттік аттестаттаудан сүрінбей өту үшін олар барлық қажетті шараларды қолға алатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді