
Нұрлан Кенжебекұлы Олжабаев Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен 2025 жылдың 17 сәуірінен бастап Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Нұрлан Олжабаев 1985 жылы 18 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өндірістік нысандарды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2011-2014 жылдары – Тараз қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған;
2014-2015 жылдары – Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары;
2016-2020 жылдары – Алматы облысы Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
2020-2025 жылдар аралығында жеке секторларда қызмет атқарған.
2025 жылдың 17 сәуірінен бастап Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/980567?lang=kk
Жауап қалдыру