
2025 жылғы 22 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі (бұдан әрі-Өкіл) Қызылорда облысының білім басқармасының №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатына барды.
Өкіл мектеп-интернаттың жұмыс тәртібімен танысып, балалардың тұрмыстық жағдайларын, тамақтану сапасын, төсек-орын жабдықтарының жағдайын зерделеді.
Бару барысында балалардың тұру және қызмет көрсету жағдайларымен танысты. Мектеп-интернат ғимараттының жағдайына ерекше назар аударылып, оның жөндеуді және жаңартуды қажет ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері мен қамқорлық алушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі де айтылды.
Медициналық және құқықтық көмекке қолжетімділік, оқшаулаудың сақталуы және қорғану құқығының қамтамасыз етілуі қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/981908?lang=kk
Жауап қалдыру