Өңір басшысы бір топ азаматқа «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалін табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтың төрағалығымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Облыс әкімі ҚР Президенті, ҚХА төрағысы Қасым-Жомарт Тоқавтың «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалін бір топ атыраулықтың кеудесіне тақты.

Марапат ел бірлігін нығайтып, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген жандарға табысталды. Олардың қатарында Атырау облыстық ҚХА ардагерлері мен мүшелері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Ассамблея жанынан ашылған түрлі кеңестің жетекшілері мен журналистер бар. «Ассамблея жастары» РҚБ-нің өңірдегі мүшелері мен жоғары оқу орнының профессорлары мен мамандары да назардан тыс қалмады.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі ұлт өкілін бір арнада тоғыстырып, қоғамда бірлік пен тұрақтылықтың болуына оң әсерін тигізіп отырған маңызды құрылым екенін атап өтті.

Атаулы датаға орай өңірімізде 50-ден астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, мәдени фестивальдар мен қоғамдық бастамалар бар. Атап айтсақ, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобалары, қазақтың классик ақындары шығармашылығын насихаттауға бағытталған, этностар арасындағы «Қазақтану» жобасы, «Ассамблея жастарының» көшбасшы мектебі, спорт фестивалі, Ассамблеяның 30-жылдығына арналған ғылыми-сараптамалық топтың, этномәдени бірлестіктердің, «Жомарт жан» орталығының, этномедиаторлардың түрлі форматтағы шаралары өткізілмек.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/981864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді