
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алтынкөл станциясының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары, Панфилов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы аурухана» МКК, Қорғас ШЫХО АҚ, шекара және кеден қызметтерінің, ҚР ДСМ СЭБК ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Алматы облысы Панфилов аудандық бөлімшесі мамандарымен бірлесіп, карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар науқас анықталған жағдайда қызметтердің іс-қимыл тактикасы бойынша оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу жоспарланған тақырыпқа сәйкес және карантиндік, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар белгілері бар науқас анықталған жағдайда өткізілетін эпидемияға қарсы алғашқы іс-шаралардың жедел жоспарына, сондай-ақ Панфилов ауданының санитариялық қорғау жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес өткізілді.
Барлық қатысушы тараптар өзара үйлесімді жұмыс атқарып, карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар науқас анықталған жағдайда қажетті іс-қимылдар бойынша дайындықтарын көрсетті. Оқу-жаттығудың барысында жоспарланған эпидемияға қарсы іс-шаралар мен Панфилов ауданының санитариялық қорғау жоспарына сәйкес барлық кезеңдер уақтылы және тиімді түрде жүзеге асырылды. Қатысушылардың кәсіби дайындығы мен ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары деңгейде болды, нәтижесінде оқу-жаттығу өз мақсатына толыққанды жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/981910?lang=kk
Жауап қалдыру