«Парыз-2025» конкурсы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы басталатыны хабарланады.

Аталған конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Гран-при – конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі. Гран-при “Ірі кәсіпкерлік субъектісі” және “Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі” санаттарында беріледі.

Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Байқау жыл сайын екі кезеңде өткізіледі – өңірлік және республикалық деңгейлерде, төрт номинация бойынша:

1) “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын”.

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

2) “Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын”.

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) “Үздік ұжымдық шарт”.

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

4) “Экологияға қосқан үлесі үшін”.

Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурста “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қызметінің деңгейін және нақты нәтижелерін өзіндік бағалауды білдіретін есебі. Үміткердің есебіне: заңды немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Үміткерлер Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережесіне сәйкес материалдарды қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдейді және ұсынады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-korzhynkol/press/news/details/981199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді