
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық жұмыс берушілер палатасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы жариялады. Байқау қорытындысы жыл соңында өткізіледі.
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамға әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған.
Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өңірдің кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз 2025» республикалық конкурсқа белсенді қатысуға шақырады.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қарастырылады.
- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылады.
- «Үздік ұжымдық шарт»;
Бұл номинацияда ҚР заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады.
- «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген үміткерлердің қызметі қарастырылады.
- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».
Осы арнайы номинацияда жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады.
Сондай-ақ, байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы тағайындалады. Осы арнайы сыйлықта жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады.
Конкурстың лауреаттары тиісті дипломмен, эмблемамен және айырым белгісімен (мүсінше) марапатталады.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жібереді:
1) толтырылған өтініш;
2) өтiнiш берушiнiң өз қызметiнiң деңгейiн және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiк туралы нақты нәтижелерiн өздiгiнен бағалау туралы есебi.
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың және басқа да құжаттардың көшірмесі);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен белгіленген нысан бойынша толтырылған және Интернет-ресурсында орналастырылған сауалнама.
Қосымша ақпаратты Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады: Калинин көшесі, 17 үй, 17 кабинет, телефон 8 (72156) 3-59-47.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/981139?lang=kk
Жауап қалдыру