
Республика көлемінде өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының ғимаратында 200-ге жуық мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылықтарға жол бермеуді мақсат еткен бұл кездесуде түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Сонымен қатар «102» телефон желісіне түскен хабарламалардың қабылдануы, тіркелуі және жасақты жіберу тәртібі көрсетіліп, әкімшілік қамаққа алынған құқықбұзушылардың суық камералары, темір тормен қоршалған серуендеу алаңы көрсетілді. Бөлімдегі тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, ақпараттық және байланыс тобының инспекторларының атқаратын қызметтері де аталып өтілді.
Сондай-ақ мектеп оқушылармен бірге тәртіп сақшылары жолда жүру ережелері мен қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидаларын талқылады.
Өз кезегінде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар, зорлық-зомбылық, бұзақылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтан сақтану жолдары жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оларға уақытша ұстау изоляторы мен арнайы-қабылдау орындарын да көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/980949?lang=kk
Жауап қалдыру