
Қауіпсіз болашақ: ШҚО-да «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Бүгін күні ең маңызды әрі ауқымды мәселелердің бірі — балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі. Тәрбие, көңіл бөлу мен қамқорлық — қауіптің алдын алатын басты қалқан. Бірақ кейде бұл жеткіліксіз болады.
Сондықтан 2025 жылдың 10 сәуірінен 6 мамырға дейін өңірде республикалық «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты — тек құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу, уақытында тоқтату және қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне де ерекше назар аударылатын болады.
Шара барысында күнделікті түнгі рейдтер өткізіледі: түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында, компьютерлік клубтарда немесе жай ғана көшеде үлкендердің қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмағандар анықталады.
«Жасөспірім» іс-шарасының алғашқы 5 күніндегі нәтижелері:
– 320 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді;
– 18 жасөспірім мен 25 тәуекел тобындағы отбасы тіркеуге алынды;
– 98 білім ордасында анонимді сауалнамалар жүргізілді;
– 97 құқықтық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.
ШҚО Полиция департаменті әрбір ата-анаға, ұстазға және барлық бей-жай қарамайтын азаматқа үндеу жолдайды: тәрбие — баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесе отырып, жастарға қауіпсіз, жарық әрі адал болашақ сыйлай аламыз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/981194?lang=kk
Жауап қалдыру