
«Қауіпсіз жол»: Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтілуде
19 сәуірден бастап Қарағанды облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» атты ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өтуде.
Іс-шараның алғашқы үш күнінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1415-тен астам дерегін анықтаған.
— Ең елеулі құқықбұзушылықтардың қатарында 14 жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарғаны тіркелді. Бұл — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін заң бұзушылық. Сонымен қатар, 276 жаяу жүргінші жол ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 58 жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде оларға жол бермеген, бұл — жол ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Тағы 29 азамат жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған, бұл олардың жолда жүру машығы мен заң нормаларын игеру деңгейіне күмән тудырады, — деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жол қозғалысындағы қауіпсіздік — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ережені сақтау – бұл тек ресми талап емес, саналы түрде таңдалатын азаматтық ұстаным. Осындай көзқарас қана жол апаттарының алдын алуға және адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының полициясы барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара құрмет пен сақтық танытуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/981230?lang=kk
Жауап қалдыру