ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «№60 мекемесінде» жеке құрамымен профилактикалық кездесу өткізді.

  Жиналысқа өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова және мекеме басшысының орынбасары қатысты.

  Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі мен салдары туралы хабардар етілді.

  Шара соңында  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/981169?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді