Құрметті жүргізушілер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Басып озу — бұл аса жоғары назар мен жауапкершілікті талап ететін маневр. Оны орындау барысында жүргізуші жол жағдайын, қарсы бағыттағы қозғалысты, жылдамдықты және көріну қашықтығын ескеруі тиіс.
 
ҚР жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, басып озуға тек рұқсат етілген учаскелерде, үзік сызықпен белгіленген жол бөліктерінде ғана жол беріледі. Жабық және тыйым салынған аймақтарда, мысалы, жаяу жүргінші өткелдері алдында, бұрылыстарда, көпірлер мен жолайрықтарда басып озуға қатаң тыйым салынады.
 
Басып озу алдында жүргізуші айналадағы жағдайды толық бақылап, маневр жасау қауіпсіз екеніне толық көз жеткізуі қажет. Сигнал беру, арақашықтықты сақтау және қарсы қозғалыс жолағына шығу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау – бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алудың басты кепілі.
 
Жол ережелерін сақтау — сіздің де, өзгелердің де өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/981258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді