
Сандықтау ауданында Ақмола облысы ішкі саясат Басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл әдістемесінің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Сандықтау ауданы әкімінің атынан қатысушыларды әкімнің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтап, осындай іс-шаралардың білім беру сапасын арттыру және педагогтардың кәсіби өсуі үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның модераторы оқу — әдістемелік орталығының жетекшісі Қуаныш Қажиахметов болды.
Семинар аясында тілдерді оқыту әдістемесіне, оқытудың заманауи тәсілдеріне және мамандардың тәжірибеде кездесетін мәселелеріне қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Семинар тәжірибе алмасу, кәсіби диалог және тілдік білім беру саласындағы тиімді шешімдерді іздеу алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/981254?lang=kk
Жауап қалдыру