Санитариялық-ағартушылық жұмыстар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2025 жылға арналған көлік қызметкерлері арасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша санитариялық-ағарту жұмысының кестесіне сәйкес, Басқарма мамандарымен Қарағанды-жолаушылар станциясының «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімінің қызметкерлерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шара барысында клиника, емдеу, ботулизмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді; жұмыс орындарында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар автомобильдік алғашқы медициналық көмек қобдишалары тізбесі бойынша мәселелер талқыланды; «денсаулық бұрышы» ұйымдастырылып, қатысушыларға жыл сайын сәуір айында атап өтілетін дүниежүзілік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жадынамалар түрінде ақпараттық материалдар ұсынылды. 

Жұмыс соңында қатысушылармен алған білімдерінің қорытындысы бойынша пікір алмасылды. Барлық қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/981756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді