
2025 жылдың 22 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышевпен өкілдік жанындағы Сараптамалық кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілді.
Сараптамалық кеңес – ерікті негізде жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық функциялары бар консультативтік-кеңесші орган.
Отырыс барысында кеңес мүшелері мүгедектігі бар студенттердің күнделікті өмірінде және білім алу процесінде кездесетін бірқатар мәселелер, инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/981260?lang=kk
Жауап қалдыру