
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан темір жол станциясына жүргізілетін қайта жөндеу жұмыстарын талқылау үшін жобалаушы мекеме өкілдерімен кездесті.
–Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында жоғары сапалы материалдар пайаланып, жан-жақты қауіпсіздік шаралары да ескерілуі қажет. Келушілер мен туристтерге қолайлы жағдай жасау – басты мақсат, – деді Арман Абдуллаев.
«Сарыағаш» темір жол станциясына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленген. Тапсырыс беруші АҚ «ҰҚ Қазақстан темір жолы». Жобалаушы мекеме ”Конструктор-80” ЖШС-і, жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастау жоспарлануда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/980631?lang=kk
Жауап қалдыру