«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы жылдың 27 сәуірінен бастап «Южное небо» әуе компаниясы “Семей – Астана – Семей” бағытында жаңа әуе рейсін ашады.

Жолаушыларды 48 орындық Ан-24 ұшағы тасымалдайды.

10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет орындалады, ал мамырдың ортасынан бастап олардың жиілігі аптасына бес ретке дейін артады.

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:

«Алматы – Семей – Алматы» – аптасына үш рет,

«Астана – Семей – Астана» – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы “Алматы – Үржар – Алматы”, “Астана – Үржар – Астана” рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/981452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді