«ШАМЫК – Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық қатынастардың жаңа көкжиектері» форумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ар-Рияд, 2025 жылғы 21 сәуір – Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі штаб-пәтерінде ШАМЫК Саяси мәселелер және келіссөздер жөніндегі хатшылығының ұйымдастырған «ШАМЫК – Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық қатынастардың жаңа көкжиектері» атты форум өтті.

Іс-шараға ШАМЫК пен Орталық Азия елдерінің елшілері, сондай-ақ Түркия мен Әзербайжан елшілері қатысты. Форум барысында өңірлік ынтымақтастықты нығайту жолдары, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков форумда сөйлеген сөзінде ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Кувейтте өткен «Орталық Азия – ШАМЫК» форматындағы 3-ші министрлік кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ол аталған жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысып, жуырда ғана құрылған «ОА – ШАМЫК» алаңының перспективті өзара іс-қимыл механизмі ретінде қалыптасып келе жатқанын мәлімдегенін қоса жеткізді.

Сонымен қатар, Елші саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттар бойынша нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Форум аясында қатысушылар өңіраралық әріптестіктің қазіргі жай-күйін, даму келешегін саралап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/981042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді