
Омбудсменнің Ақтөбе облысындағы өкілінің атына Өзбекстан Республикасының азаматы медициналық көмек алуға жәрдемдесу туралы өтініш жасады.
Өтініш беруші жеке басын куәландыратын төлқұжатының болмауына байланысты өз бетінше емдеу мекемелеріне жүгіне алмаған.
Өтінішпен жұмыс жүргізу барысында Өкіл облыстың денсаулық сақтау басқармасына шұғыл ұсыныммен шықты.
2025 жылғы 26 ақпанда Өкілдің көмегімен өтініш беруші «жіті панкреатит, артериялық гипертония» диагнозымен Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасына емге жатқызылып, Емделгеннен кейін қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/981032?lang=kk
Жауап қалдыру