Сот үкімі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл сәуірде есірткі өткізуді деген айыппен Қазақстанның үш азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Олар Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

 

Атап айтқанда, ҰҚК қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен оның екі сыбайласын ұстады.

Тінту кезінде 4 кг «мефедрон», 14 г кокаин, 500 г ауған гашиші, 15 г кетамин және 200 марка «LSD» тәркіленген.

Тергеу барысында сотталғандардың интернет-алаңы арқылы Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларына аймақаралық есірткі жеткізуді ұйымдастырғанын анықтады.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/980865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді