Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысын жалғастыруда: Зерендіде бизнес субъектілерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысының Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге бизнесті жүргізуге, қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауға және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға байланысты өзекті мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес берілді.

Кәсіпкерлердің мәселелері салықтық әкімшілендіруге, кредиттер бойынша берешекті өтеуге, сондай-ақ ауылдық жерлерде кредит беру мүмкіндігіне қатысты болды.

Өтініш білдіргендердің барлығына қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берілді, Департамент жекелеген мәселелерді бақылауға алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/980556?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді