ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Бүгін аудан әкімі аппаратының  мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Жастар саясатын іске асыру бойынша шаралардың орындалуы мен алдағы жоспарлары туралы. Жастар арасындағы дін мәселесі.

     Хабарламашы: Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы – аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы;

  1. Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-і бойынша 2024 жылғы атқарылған жұмыстары және жоспарлары туралы

Хабарламашы: Ғазезов Артур Оқасұлы – Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-інің басшысы;

  1. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

Қосымша хабарламашы: Өтешова Ляйла Мұхитқызы – аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы;

  1. «Мемлекеттік орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру туралы» хабарлама бойынша 2025 жылғы 30 қаңтардағы №1 хаттамалық  ұсынбалардың орындалуы туралы

   Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім  беру бөлімінің басшысы.

    Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/981310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді