Ұлттық кітап күні: «Ардагерлер сапта!» ТЖМ кітабының тұсаукесері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ТЖМ тарихы мен ардагерлеріне арналған бірегей басылым – кітаптың жарыққа шыққаны туралы хабарлайды.

  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Ұлттық кітап күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайында Қазақстан төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы «Ардагерлер сапта!» кітабының тұсаукесерін өткізді.

  Бұл маңызды оқиға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне, ТЖМ Ардагерлер ұйымының құрылғанына 20 жыл толуына және азаматтық қорғау органдарының 30 жылдығына орайластырылған.

  Іс-шараға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Ерекше көзге түскен ардагерлерге ардагерлер ұйымының төсбелгілері табысталды.

  Басылым өз өмірін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың салдарын жою ісінде қызмет еткен  ұрпаққа деген құрмет пен бейбіт және соғыс уақытында көрсеткен ерліктерін есте сақтауға арналған. Кітапта ардагерлердің өмірбаяндары, естеліктері мен мұрағаттық фотосуреттері жинақталған, олардың қызметті дамытуға және халықты қорғауға қосқан үлесі ерекше танылуға лайық.

  «Бұл жай кітап емес. Бұл ризашылықтың, құрмет пен есте сақтаудың символы. Біз қызметіміздің бастауында тұрған және қоғамға өзінің үлгісімен, білімімен және тәжірибесімен қызмет етуді жалғастырып жүрген азаматтарды құрметтеуге міндеттіміз», – деп ТЖМ Ардагерлер ұйымының төрағасы отставкадағы генерал-майор Мейрам Ысқақов атап өтті.

  Жобаның негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа ТЖМ қызметкерлерінің батылдығы, кәсібилігі мен адалдығы тарихын сақтау және жеткізу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мен қызметтің гуманитарлық миссиясының маңыздылығын атап өту болды.

  Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысқан ардагерлер мен қызметкерлер үшін мұражай ішіне экскурсия өткізіліп, тарихи маңызы бар әскери экспонаттармен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

  Жарыққа шыққан кітап азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне табыс ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/981882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді