“ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Потанин ЖОББМ-нде білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында “Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы” атты аудандық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Н. Оспанова, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және аудан мектептерінің тәрбие ісінің орынбасарлары мен ұстаздары, “Даналық мектебінің” мүшелері қатысты.

Басты мақсат: бағдарлама бойынша тәжірибемен бөлісу , “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша Күй күмбірі, ұлттық ойындар, қолөнер және сабақта қолданылып жүрген әдіс- тәсілдерді көрсету болды.

Осыған орай, Даналық мектебі бойынша ауылымыздың “Замандас” ардагер мен әжелер кеңесінің мүшелері өз үлестерін қосып, шараның қонағы болып келді.

Ата-аналармен жұмыс аясында әке мен бала Өнегелі 15 минут, “Ашамайға мінгізу” салт-дәстүрін көрсетсе, аналарымыз ұлттық бесбармақ тағамымызды дайындап берді.

Ұлттық тәрбие арқылы, тек қана мектеп емес ата-ана, білім ошағы үштік болып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет.

Семинардың сонында шағын концерттік бағдарлама аясында оқушылар өз өнерлерін паш етті. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/981186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді