Прокуратура органдарының қадағалау бағыттарының негізгі міндеттерінің бірі – кемелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау.
Осыған байланысты Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен жергілікті полиция кызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдың алу және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Құрметті ата-ана, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-00 ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде, сондай-ақ 23-00 ден таңғы 6-ға дейін тұрғынжайдан тыс жерде болуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының талаптарына сәйкес жауаптылық көзделгенін ескертеміз!
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/981147?lang=kk
Жауап қалдыру