Жамбыл облысында ұзақ мерзімді даму бағдарламасы аясында халықты даярлау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    “Қызыл Жарты Ай” қоғамының бастамасы бойынша Жамбыл облысында «Қазақстанда ұзақ мерзімді бағдармалауға арналған әлеуетті дамыту және ресурстарды жұмылдыру, 2025-2028 ж.» жобасымен таныстыру және талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

     Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және ерікті қозғалыстардың өкілдері қатысты. Талқылау барысында халықтың төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру мәселелері, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы еріктілер жүйесін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел жұмысына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков белсене қатысып, халықты және «Қызыл жарты ай» қоғамының еріктілерін оқыту және практикалық жаттығулар ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

    Полковник Р. Орынбеков ТЖ департаменті мен «Қызыл жарты ай» қоғамы арасында азаматтарды төтенше жағдайларда әрекет етуге даярлау саласында тығыз өзара әрекеттесу қажеттілігі туралы ұсыныс жасады. Ол ТЖ департаментінің қызметкерлері теориялық және практикалық сабақтарды жоғары деңгейде жүргізу үшін қажетті кәсіби дағдылар мен тәжірибеге ие екендігін атап өтті.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар халықтың төтенше жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

 

                                                                  Жамбыл облысы ТЖД  ИЖ және СКТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/980697?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді