Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Әлімбек Жәнібекұлы Тұралиев Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 2008 жылы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару»,  2019 жылы – Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану»мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2011 – 2013 жж. Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспаралау және есеп секторының бас маманы; 2013 – 2015 жж. Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің құқықтық-ұйымдастыру сұрағы бойынша жастар саясаты және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі; 2015 – 2019 жж. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2019 – 2025 жж. ақпан айына дейін Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/980712?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді