
2025 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысының Әділет департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп «Халықаралық зияткерлік меншік күніне» орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жергілікті авторлар – өңіріміздің дауысы» атты кітап көрмесі өткізілді.
Көрменің мақсаты: Жамбыл облысының жазушылары мен ақындарының шығармашылығын насихаттау, оқырмандар мен жергілікті әдеби қоғамдастық арасындағы байланысты нығайту.
Аталған шарада «Жергілікті авторлар – өңіріміздің дауысы» атты кітап инсталляциясы жасақталып, жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен ақын Ш.Мамасерікованың 80 жас мерейтойына арналған «Шуағы мол жырлар» атты жыр кеші ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/981177?lang=kk
Жауап қалдыру