
2025 жылғы 22 сәуірде мемлекеттік сектордағы ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға және жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің тұрақты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы 27 наурыздағы отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жетісу облысы бойынша департаменті өңірлік және аудандық медициналық мекемелердің басшылары үшін Жетісу облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «Учреждение-71» РММ-не таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. 1 Тергеу изоляторына бару оларға бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі ұстау жағдайларының ауырлығын тікелей сезінуге және жемқорлық пен өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдарын түсінуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бұл әдіс мемлекеттік қызметшілерді қорқытуға бағытталмаған. Оның басты міндеті – мемлекеттік сектордың әрбір қызметкері жемқорлық әрекеттерінің ықтимал салдарын нақты түсініп, заңды бұзған жағдайда әркімді не күтіп тұрғанын білуі тиіс.
Тергеу изоляторына барған мекеме басшылары мұндай акциялардың жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудағы жоғары тиімділігін атап өтіп, мұндай іс-шаралардың заңсыз әрекеттердің алдын алуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/981112?lang=kk
Жауап қалдыру