
І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills Zhetysu – 2025» аймақтық чемпионаты салтанатты түрде ашылды!
21-25 сәуір аралығында өтетін бұл ауқымды шара – жастардың шығармашылығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін, заманауи дағдыларын көрсетуге арналған кәсіби алаң.
Бүгінгі күні:
– Қатысушылар тіркеліп, алғашқы кезеңдерге қатысты
– Сарапшылар мен тәуелсіз эксперттер жұмысқа кірісті
– Колледж базаларында түрлі құзыреттілік бойынша бәсекелер басталып кетті
25 құзыреттілік, 155 қатысушы, 4 колледж базасы, еліміз бен шетелден келген мамандар – барлығы бір арнада:
Болашақ мамандардың дамуы үшін!
Қатысушылар IT, графикалық дизайн, инженерия, аспаздық, дрондар, видеомонтаж және басқа да бағыттарда өз шеберліктерін сынауда.
Чемпионат жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа жолдама алады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/981008?lang=kk
Жауап қалдыру