📌 Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⚡️Екі күндік форум ақпараттық ынтымақтастықтың жалпы тәсілдерін әзірлеу үшін бірегей алаңға айналды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа елдерден журналистер, медиа компаниялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылар қатысты.
✨Форумның мақсаты – Орталық Азия медиасы мен халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау болды.
✨Ақпараттық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және медиалық ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен жобалар талқыланды және жоспарланды. Олардың қатарында Орталық Азия Журналистика Академиясын құру, креативті индустрияларды дамыту, журналистика саласында өңірлік сыйақы тағайындау, жаңа тележобаларды іске қосу және халықаралық медиа алаңдарда өңір елдерінің контентінің қатысуын кеңейту сияқты жобалар болды. Сондай-ақ болашақтың ақпараттық ландшафтын қалыптастыру, жасанды интеллект дәуіріндегі медианы, әлеуметтік желілерді елдердің имиджін ілгерілету құралы ретінде цифрлық трансформациялау, республикалық және Орталық Азия БАҚ үшін шеберлік сыныптарын өткізу мәселелері қарастырылды.
✨Тәжірибе алмасу үшін Форум жұмысына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өңірлік департаменттерінің қоғаммен байланыс жөніндегі мамандары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/980411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді