17 сәуір күні “WorldSkills Aqmola – 2025” салтанатты ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 сәуір күні, Степногорск қаласының Жоғары колледжінде “WorldSkills Aqmola – 2025” X өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Чемпионат Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылды.

Шараға Ақмола облысының түкпір-түкпірінен қатысушылар, сарапшылар мен қонақтар жиналды. Қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы жұмысшы мамандықтардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, салтанатты кеште көрермендерге шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы чемпионаттың мән-маңызын арттыра түсті. Бұл тек сайыс қана емес – бұл жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен білікті еңбектің беделін арттыратын алаң.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/979305?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді