18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әр жылдың 18 сәуірінде әлем жұртшылығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – адамзаттың ортақ мұрасы болып саналатын тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды сақтау мен қорғаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару. Мәдени мұра – әрбір халықтың тарихы мен рухани байлығын айғақтайтын құндылық. Сондықтан бұл күннің халықаралық деңгейде атап өтілуі тегін емес. Атаулы күн қарсаңында “18 сәуір – Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау” күніне орай Жыланды ауылдық округі әкімшілігі, кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлері бірігіп, Жыланды ауылындағы “Жастар саябағы” ауласында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке “Ескерткіштер-ел тарихы” атты акция аясында сенбілік іс- шарасы алдын-ала ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/979347?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді