
2025 жылдың сәуір айында Айыртау ауданында Департамент қызметкерлерімен «Адонис» ЖШС қызметкерлері арасында фармацевтикалық қызметті сертификаттау, лицензиялау мәселелері және дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау жүйесіне қатысты оқыту семинары өткізілді.
Кездесуде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын «Адонис» ЖШС-нің басшысы, фармацевтері және қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – фармацевтикалық қызметті лицензиялау, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру, сондай-ақ дәрілік заттарды таңбалау мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау болып табылады.
Семинар барысында лицензиялау және сертификаттау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге айрықша назар аударылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-45 бұйрығы «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚРДСМ-274/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау ережелерін бекіту, маман сертификатының әрекетін растау, оның ішінде шетелдік мамандарды және Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған тұлғаларды сертификаттауға қабылдау шарттары» талқыланды.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларына қазіргі уақытта дәрілік заттарды таңбалау және олардың айналымын бақылау жүйесі енгізілгені туралы ақпарат ұсынылды.
Медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультацияларды 8 (7152) 70-11-51 телефоны арқылы алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/980197?lang=kk
Жауап қалдыру