Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары С.Ж. Қадыркей., Н.Д. Өміржан., У.А. Оразалиева., мәслихат аппаратының басшысы Б.Жұмабай., “AMANAT” партиясы Целиноград аудандық филиалының басшысы А.Ж. Қанапияновпен 4 ауылдық округтері (Ақмол, Қараөткел, Арайлы, Софиевка ауылдық округтері) өрт сөндіру бекеттеріне шығу жүзеге асырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сапар барысында жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерінің дайындығы мен олардың материалдық-техникалық жарақталуына назар аударылды. Бөлімшелердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығына айтарлықтай әсер ететін келесі кемшіліктер атап өтілді:
1. Целиноград ауданының өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінде резервтік өрт сөндіру машинасында құтқарушыларға арналған оттегі баллондары болмады.
2. Арайлы ауылындағы өрт сөндіру бекетінде-шатыры төмен, ескірген ғимарат, бұл КамАЗ базасындағы автомобильдерді қоса алғанда, жаңа буын техникасын орналастыруға мүмкіндік бермейді.
– Ғимаратты қайта құру, шатырдың биіктігін ұлғайту және заманауи стандарттарға сәйкес бөлмелерді жаңарту мәселесін қарастыру қажет.
3. Софиевка ауылындағы бекет бойынша:
– Орталықтандырылған су құбырының жоқтығы: ғимаратқа ауыз су жеткізілмейді.
– Пост ішінде стационарлық цистернаны толтыруға арналған техникалық құралдар мен жабдықтардың болмауы, бұл шығуға дайындықты қамтамасыз етуді едәуір қиындатады.
4. Қараөткел ауылында бөлімше санитарлық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс талаптарына сай келмейтін, тозығы жеткен, жалға алынған ғимаратта орналасқан.
5. Ақмол ауылында өрт сөндіру бекеті тазарту құрылыстарына жақын орналасқан, бұл қолданыстағы санитарлық нормаларға қайшы. Санитарлық ережелерге сәйкес, мұндай объектілерден санитарлық-қорғау аймағының шегінде (кемінде 900 метр) тұрғын үйлер мен мекемелерді, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және адамдардың тұрақты тұратын жерін орналастыруға тыйым салынады. Осылайша, өрт сөндіру бекетінің қазіргі орналасқан жері ережелерді бұзады және қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.
Қазіргі уақытта депутаттар С.Ж. Қадыркей, Н.Д. Өміржан, У.А. Оразалиевамен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Ариновқа аталған елді мекендерде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін техникалық жарақтандыру мен орналастыру жағдайларын сәйкес келтіру туралы депутаттық сауал дайындап жатыр

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/979413?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді