Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні кеңес төрағасы Әбділов Оңайбек Нұрасылұлының төрағылығымен Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні кеңес төрағасы Әбділов Оңайбек Нұрасылұлының төрағылығымен Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт  басқармасының және Маңғыстау облысы білім басқармасының 2024 жылғы есептері мен 2025 жылғы жұмыс жоспарлары тыңдалды және өңір үшін маңызды мәселелер қаралды.

Олар:

  1. Білім саласы бойынша:

–  білім беру сапасының төмендеуі,

– жас мамандардың дайындық деңгейі,

– мектеп қауіпсіздігі, тамақтану мен тасымалдау мәселелері,

– үздік облыстар мен өңірлік мектеп арасында тәжірибе алмасу.

         2.Спортты дамыту бойынша:

– спорт секцияларына қатысатын балалар санының артуы,

– жаңа спорттық кешендер мен интернаттардың құрылысы,

– Жаңаөзенде мұз айдыны салынуы,

– мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт нысандары,

– даму спорт секциясына арналған ваучерлері.

         3.Ауыл шаруашылығы бойынша:

– ауыл шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар мен қаржыландыру мәселелері,

-өңірімізде түйе сүтін өңдейтін зауыттардың ашылуы,

– ветеринарлық зертхана салу,

– ірі компаниялардың жергілікті ет өнімдерін жеткізуі,

– Адай жылқысының тұқымын сақтау.

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан үш басқарма есептері жан-жақты кеңінен талқыланып, қаперге алынды және осы салалардың жетілуіне бағытталған ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/979957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді