Алматы қаласының арнайы прокурорларымен Алатау ауданы прокурорының орынбасарымен бірлесе отырып Алатау аудандық полиция басқармасында «азаптауларды ескерту, полиция қызметкерлерінің арасында жою» тақырыбында полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының қызметкері  Алматы қаласының прокурорының көмекшісі А.Дунбаев және Алатау ауданы прокурорының орынбасары М.Аманбек қатысты.

Дәріс барысында азаптауларды жасаған Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне қатысты нақты айыптау үкімдері атап көрсетілді. Осы әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң нормалары түсіндірілді.

ПБ жеке құрамына жедел-тергеу қызметі барысында қылмыстық процесске қатысушыларды азаптауды және оларға қатысты рұқсат етілмеген қарым-қатынас әдістерін қолданбау ұсынылды.

Азаптауларды қолданғаны үшін құқықтық салдары мен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған кездесу полиция қызметкерлерінің адамның құқықтарын сақтау, анықтау мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жол берілмейтін әдістерін алдын-алу сұрақтарында құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/979333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді