
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шараға Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері ғана емес, олардың отбасылары да қатысты.
Мұндай іс-шаралар құтқарушылар үшін дәстүрге айналды. Бұл жолы 100 қарағай көшеті отырғызылды. Құтқарушылар, олардың көпшілігі балалармен келіп, 1-МӨСБ және 2-МӨСБ аумақтарына ағаш отырғызды. Құтқарушылар бұл акциялар туған өлкенің экологиясына тиімді инвестиция болып табылатынына, сондықтан тұрақты негізде жүргізілетініне сенімді.
Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/979592?lang=kk
Жауап қалдыру