
Аягөз аудандық білім бөлімі «№4 жалпы орта білім береті аралас мектебі»КММ-нің ұстазы Какенов Еріктай Әріпжанұлының зейнеткер жасына толуына орай, аудан мектептерінің білім қызметкерлері арасында баскетбол жарысы 2025 жылдың 17-18 сәуір аралығында ұйымдастырылды.
Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі уақыт еншісінде. Осынау өмір жолындағы сәттердің бірі – зейнетке шығу кезеңі. Себебі адам баласы үшін қандай да бір қызметтің, мансап жолының аяқталар тұсы болады. Ал бір салаға талай жылын арнап, сол бір жұмыстың тасын өрге домалату үшін білімі мен еңбегін аямаған жандардың бірі Какенов Еріктай Әріпжанұлын зейнеткер шығарып салу салтанатымен ашылып спорттық жарысқа ұласты. Мектеп дәлізінен кіргеннен еңбек мұғалімдерінің қол өнер туындыларынан қойылған көрмелер қонақтардың көңілінен шықты.Салтанатты жиын барысында Еріктай Әріпжанұлының еңбек жолымен таныса отырып әр сабағында тек шегелеу мен кесуді ғана емес, өмірлік ұқыптылықты, төзімділікті, еңбектің қадірін үйреткен шәкірттері арнау өлеңдерін оқыды. Қазақ даласының жаңғырығы болған «Қара жорға» биін «Айгерім» бишілері нақышына келтіре биеледі, сонымен қатар мектеп оқушылары мен ұстаздарының ардагер ұстазға арналған әндері салтанатты кеште жалғасын тапты.Еріктай Әріпжанұлының туыстары, білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев, мектеп директоры М.Жақыпбекова Еріктай Әріпжаұлына істеген еңбектері үшін алғыс білдірді,қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс жалғасы баскетбол алаңында өрбіді. Жиыны 9 команда бақ сынаған жарыс жоғарғы дәрежеде өтті. Төрешілер нағыз мықтыларды анықтады. Ақтық ойындарға топ ойындарынан мүдірмей өтіп, № 1 орта мектебінің,көпбейінді қазақ мектеп гимназия, С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командалары шығып жеңімпазды анықтады. Шеберлік пен тактиакалық ойынды басшылыққа алған көпбейінді қазақ мектеп гимназия командасы жеңімпаз атанса, ІІ орынды №1 орта мектебінің командасы,ІІІ орынды С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы иеленді.
Жарыстың «Ең үздік ойыншысы» болып,М.Айтмухамедов(мектеп-гимназия) танылса, «Үздік шабуылшы» болып,Ж.Аманғалиев (№ 1 орта мектебі), «Үздік қорғаушы» болып,Б.Рысбаев (С.Ғаббасов атындағы орта мектебі), «Үздік орталық ойыншы» болып, Ж.Қайсабеков(мектеп-гимназия) танылды…
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыс иесі Е.Әріпжанұлының кубоктарымен, медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен,білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/980131?lang=kk
Жауап қалдыру