
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі және азаматтарды жеке қабылдауы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Ернар Серікәліұлы Көгершін ауылының тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімдігінің бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары, ауылдық ардагерлер, аналар кеңесі мен қоғамдастық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында ауыл тұрғындары денсаулық сақтау саласына, жайлым мәселесі және жолдар бойынша қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Аудан әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, мәселені шешу жолдары қарастырылатынын атап өтіп, ауыл әкімі мен бөлім басшыларына тапсырмалар берді.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, әрбір көтерілген мәселе назарда болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kogershin/press/news/details/979299?lang=kk
Жауап қалдыру