АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың Сарыағаш ауданы тұрғындарын жеке қабылдау қорытындысы негізінде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау және қоғам белсенділерінің ұсыныстарын назарға ала отырып, аудан тұрғындарының көтерген мәселелерін жан-жақты талқылау мақсатында бүгін Сарыағаш қаласында дөңгелек үстел отырысы өтті.
 
Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ж.Сүлейменов, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттары, Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Қозыбаев, Сарыағаш ауданының прокуроры М.Мошкалов, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ж.Сандыбаев, қала және ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары, түрлі мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам белсенділері және аудан тұрғындары қатысты.
 
Аудан тұрғындарының, қоғам белсенділерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында өткізілген дөңгелек үстел отырысын Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасы Р.Асылбекұлы жүргізіп, жиналған қауымға аудандық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары туралы кеңінен ақпарат берді.
 
Дөңгелек үстел барысында ауданның бірқатар өзекті мәселелері көтерілді. Атап айтқанда:
Сарыағаш аудандық музей ғимаратын жаңарту жөнінде ұсыныс білдірілді;
Әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй кезегі бойынша және тағы басқа сұрақтар қойылды;
Барлық ұсыныстар мен өтініштер мұқият тыңдалып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынатыны жеткізілді.
 
Шараның басты мақсаты — жергілікті тұрғындармен ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге жол ашу.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/979430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді