
2025 жылғы 18 сәуірде “AMANAT” партиясының ғимаратында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өтті. Сессия аудандық мәслихат парақшасында Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 106/8 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қарашадағы № 228/18 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жанынан Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Тайынша қаласы Новый шағынауданының тұрғындарынан түскен өтініштерді қарау туралы.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/979355?lang=kk
Жауап қалдыру